Иманова Жанар Умирбековна 1982 жылы 30 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2000-2004 жж. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің физика-математика факультетінің 010540-"Информатика" мамандығын бітіріп, 2005-2008жж. "Мұнай Газ кен орындарын пайдалану" кафедрасында жұмыс жасаған. 2008-2015жж. "Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер" кафедрасының оқытушысы болып жұмыс жасаған. 2011-2013жж. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің "Ақпараттық технологиялар" факультетнің 6М070300-"Ақпараттық жүйелер" мамандығы бойынша магистратураны бітіріп, техника ғылымдарының магистрі біліктілігін алды. 2015-2018жж. әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетнің механика-математика факультетінің 6D060300-"Механика" мамандығы бойынша докторантураны бітіріп шықты. 2018-2022жж. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Инженерлі технологиялар факультетінің "Компьютерлік ғылымдар" кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс жасаған. 2022-2024жж. жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша (постдокторлық бағдарлама шеңберінде) жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурс гранты бойынша ғылыми жетекшісі. Жоба тақырыбы: АP14970491 «Массалары анизотропты өзгермелі үш дене мәселесін аналитикалық есептеу тәсілдерін пайдаланып зерттеу». Web of Science немесе Scopus дерекқорында енгізілген шетелдік ғылыми журналдарда 3 (үш) мақала, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы Бақылау комитеті ұсынған журналдарда 3 (үш) мақала, халықаралық конференциялар материалдарында 5 (бес) мақала жарық көрді.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
Кызыл Тывин мемлкеттік университет |
Жоғары |
2008 |
3
құжаттар
2